Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАқтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Возрождение» Ақтөбе облысы немістерінің қоғамы мен «Denk mal» театр студиясы таза неміс тілінде «Die Flügel der Liebe» (Махаббат қанатында) атты музыкалық қойылымын көрермендер назарына ұсынды.
Ағайынды Гриммдердің «Ұйқыдағы ару» атты әйгілі ертегісі және «Малифисента» көркем фильмінің идеяларын біріктіру арқылы театр студиясының қатысушылары жаңа шығарманы дүниеге әкелген.
Қойылымның музыкалық сүйемелдеуі - неміс топтары және орындаушыларының заманауи музыкасы. Мәтіні неміс классикалық әдебиетінің еңбектерінен құралған.
Қойылымды тамашалауға және балаларға қолдау көрсетуге Бадамша ауылынан шақырылған қонақтар келді, кейін олар аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мұражайына экскурсия жасап, әр ұлттың тарихын шолып өтті. Сонымен қатар қолдау көрсетуге «Алые паруса» театр студиясының өнерпаздары, қоғам белсенділері келді. Театр студиясының директоры Инна Волошина іс-шараны өткізуге жәрдемдесуге үлес қосқан Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясына алғысын білдірді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады