1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҰлттық аза тұту күнінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаның нәтижесінде қаза тапқан азаматтардың отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
Ерлан Сағадиев қаза болған азаматтардың балаларына «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Бурабай, Ақмола обл.) тегін, әрі олардың жағдайын оңалтуға қажетті деп табылатын мерзімге демалуларына мүмкіндік берілетіні жөнінде мәлімдеді.
Ұсынылып отырған орталықта балалардың толыққанды демалып, психологиялық тұрғыдан сауығуларына барлық жағдай жасалған – тұрмысқа жайлы тұрғын корпустар, үйлесімді тағам, медициналық бақылау, концерттік және спорттық алаңдар, әртүрлі үйірмелер және көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
Психологиялық-педагогикалық көмекпен қатар, толыққанды демалыс пен құрбы-құрдастарымен қатынаста болған балалардың психологиялық жағдайы тұрақтанып, олардың жан күйзелісінен, жайсыздық сезінуден немесе жабырқаудан қорғалуына септігін тигізеді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?