Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды El.kz.
Облыстық ТЖД кезекші - диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат 19 шілде күні сағат 21:50-де түскен.
– Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сондай-ақ жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде ұшқан жабындылар жиналды, ешкім зардап шеккен жоқ.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары