Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіСамара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, ресейлік азамат көз жұмды, деп хабарлайды El.kz.
Самара-Шымкент тасжолының 999-шақырымында жол-көлік апаты болды.
Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылы маңында жол жиегіне шығып кетіп, көлігі аударылып қалған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмып, 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би ауданының орталық хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында қозғалыс ережелері талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік