Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Ақтөбе облысының «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабының ұйымдастыруымен, ҚХА хатшылығы және «Қоғамдық келісімнің» қолдауымен Халықаралық әйелдер күніне орай өзге ұлт өкілдері жастар арасындағы «Достық аруы-2019» облыстық байқауы өтті.
Байқауға 6 этномәдени бірлестіктің ару әрі талантты қыздары қатысты.
Байқау 5 кезеңнен тұрды: «Өзін-өзі таныстыру», «Тағам дайындау», «Таланттар шоқжұлдызы», «Дефиле», «Сұхбат».
Қатысушылар өз мәнісін ашып, өздерінің аспаздық шеберліктерін, әртістік қасиеттерін және сахнада ұстануын паш етті. Букина Полина, байқаудың ең жас қатысушы, «Алые паруса» жастар театрының әртісі: «Мен осы байқау арқұылы жақсы эмоция мен тәжірибе жинақтадым. Саған әріптестер қолдау көрсеткенде – қуанасын. Бұл адамды жұмысқа ынталандырады. Ал мына үлкен сахнада сен өз этномәдени бірлестігінің жұмысын көрсетесің, таныстырасың».
Әдемі кешті жастар ұйымдарының көшбасшылары бағалады. Әділқазылардың шешімі бойынша, «Мисс Достық аруы-2019» атағын «Оксана» украин этномәдени Қоғамдық бірлестігінің белсендісі Ирина Гнатюк иеленді.
«Мисс Элегантность» номинациясын Шурыгина Диана, «Возрождение» неміс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс Грация» - Букина Полина, «Славяне» Ақтөбе өңірлік орталығы; «Приз зрительских симпатий» -Гончарова Ирина, «Возрождение» неміс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс очарование» - Мырзабекова Айгерім, кәріс этномәдени қоғамдық бірлестігі; «Мисс талант»- Исхакова Розалия, «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігі.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд