Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМәдени-ағарту іс-шарасы Талғат Бигелдиновтің бюстіне гүл қоюдан басталды. Оған әскери оқу орнының қолбасшылығы, курсанттар, қарулы күштердің ардагерлері мен қала әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Талғат Бигелдиновтің тағдыры – қайтпас қайсарлықтың, бытылдықтың, кәсібилік пен Отанға деген махаббаттың үлгісі. Сұрапыл соғыс жылдарында ол Ил-2 ұшағында 305 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырған. Бұл дегеніміз – әуеде өткен 500 сағат. Ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталып, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алды, - деді өз сөзінде институт басшысы Дәурен Қосанов.
Әуе қорғанысы күштері әскери институты аумағында мұражай ашылды.
Ол жерде Бигелдиновтер отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотосуреттер және Талғат Бигелдиновтің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын басқа да экспонаттар ұсынылған. Институт басшылығының пікірінше, мұражай ақтөбеліктер мен Орталық Азиядағы жалғыз әскери ұшу институтының курсанттарын тәрбиелеуде ықпал етеді.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының қолдауымен Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда қала тұрғындары мен қонақтары үшін әскери институт пен Ақтөбе гарнизоны көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
Айта кетсек, бүгін елордада да Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай, батырды еске алу шарасы өтті.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс