23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Халықаралық қыздар күніне арналған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын облыстық Аналар кеңесі және С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Медициналық-әлеуметтік колледжінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдағы қыз бала құндылықтарының маңызын талқылау; отбасының ұлттық рухының отбасынан басталатынын дәлелдеу; рухани-моральдық құндылықтарымыздың ата-анадан, туған-туыстан алатынын, құндылықтардың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастынын және қайнар көзі екеніне түсінік беру.
Іс-шара жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын Аналар Кеңесінің мүшелері, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» «Қоғамдық келісім» ММ қызметкерлері, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжінің оқытушылары, магистрлері мен студенттері, Ақтөбе облыстық өлкетану-тарихи музейінің ғылыми қызметкері, БАҚ өкілдері қатысты.
С. Байішев атындағы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжінің «Білім беру» бірлестігінің жетекшісі, жоғарғы санатты оқытушысы Айкүміс Түлкібаева «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында және медицина ғылымдарының магистрі Алтынай Артықбаева «Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында баяндамаларын оқыды.
Ақтөбе облыстық өлкетану-тарихи музейінің бөлім меңгерушісі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген ата-бабамыздың ұлы сөзін жастардың бойына
сіңірді. Барлығы 70 адам қатысты
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік