13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАқтөбе қаласында облыстық Қазақстан алқы ассамблеясы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық «Рухани жаңғыру», «100 жаңа есім» жобалары аясында «Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» атты тақырыптық кездесу өтті.
Диалогты форматта өткен жиынның қонақтары «100 жаңа есім» жобасының үміткерлер байқауының қатысушылары Айболат Кулатай, Мират Жекеев пен Илиья Цибульский өскелең ұрпаққа қатысты өзекті мәселелерге тоқтап, қатысушылардың сұрақтарына толымды жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Илья өмір сүруге деген құлшынысты музыкаға деген махаббаты шабыттандыратынын айтып, келген қонақтарға «Саржайлау» әнін орындап берді.
Мират Жекеев – шашкадан дүние жүзінің 11 мәрте чемпионы, Қазақстанның халықаралық тұңғыш гроссмейстері, қазіргі таңда Н. Назарбаев атындағы университеттің студенті. Сонымен қатар дойбыдан дәріс беруде.
IT-маман, «ЭВКЛИД» оқу орталығының негізін қалаушы Айболат Кулатай өз сөзінде «қазіргі таңда ескере кететіні – жастардың стартап жобаларына қызығушылығы артуда, еліміздің болашағы үшін ерінбей еңбек ету ғана жарқын болашақтың кепілі бола алатынын» атап өтті.
Іс-шара барысында республикалық «Жаңғыру жолы» облыстық штабының мүшелері мен студенттер қатысушыларға әр түрлі бағытта сұрақтар қойды.
Іс-шара барысында белсенділік танытқан студенттерге жоба үміткерлері өздерінің қолтаңбаларымен кітаптарды сыйға тартты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды