29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Ақтөбе қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында ҚР Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Шараның барысында ҚР Конституциясы барша заңдарымыздың темірқазығы және еліміздің барлық заңдарының бастаушысы екендігіне баса назар аударылды.
Дөңгелек үстелде белгіленген тақырып бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жастар ұйымының өкілдері баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы «Бірлік» Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек, Ақтөбе облысындағы шешендердің «Вайнах» ЭМБ төрағасының орынбасары Х.Ю.Сагаев Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігіне сызат түсірмей, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ата заңның ықпалы зор екендігіне тоқталды.
Шараға ЭМБ өкілдері, олардың жастар қанаттары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, қала жастары мен ЖОО студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек