Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАқтөбе облысының полицейлері 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Самара – Шымкент тас жолында жедел іс-шаралар өткізу барысында 41 жастағы жүргізушінің басқаруыдағы Ваз-2110 көлігін тоқтатты. Жолаушылар отыратын орынның жанында 61 жастағы ер адам болған.
Полицейлер көліктің жүксалғышынан ақбөкен мүйізі бар 7 қорапты тапты. Жолаушы қораптардың өзіне тиесілі екенін және мүйіздерді сатқысы келгенің түсіндірді. Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды. Сонымен қатар, ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 киік мүйізі тәркіленді. Барлығы 949 дана киік мүйізі алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді