29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2022 жылы 3152 квота бөлінді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, МӘМС аясында халыққа қолжетімді болған қызметтің бірі – экстракорпоральды ұрықтандыру немесе ЭКО процедурасы.
– 2022 жылы ЭКО бағдарламаларына 3,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аталған сомаға барлығы 3152 жасанды ұрықтандыру процедурасы жасалуы тиіс. Өткен 4 айда 476 ЭКО жасалып, оған 484 млн теңге төленді. Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 8 клиника қатысып жатыр, – деді филиал директоры.
ЭКО-ға жіберу туралы шешімді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. ЭКО-ны әйелдің өзі таңдайды.
Осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек