23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола полицейлері ұрланған көлікті елордадан тапты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Целиноград полиция бөліміне ұрлық туралы өтініш 11 қазанда келіп түсті. Ұрланған ВАЗ-2109 көлігінің иесі кешкі уақытта үйінің ауласына шығып, темір тұлпарының жоқ екенін көрген.
Тұтану кілті автокөліктің салонында қалғандықтан, ұрыға қылмыс жасау қиын болған жоқ. Автокөлік иесінен егжей-тегжейлі сұхбат алып, жеңіл көліктің сыртқы сипаттамаларын жазып алғаннан кейін, жедел уәкілдер көршілес полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне бағдар таратты.
Сол күні жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған автокөлік Астанадан табылды. 27 жастағы күдікті Нұрлы ауылының тұрғыны болып шықты. Ұсталғанның тонау жасағаны үшін соттылығы бар.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу шеңберінде полицейлер қылмыс жасау себебін және өзге де мән-жайларды белгілейді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік