Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылып Ақмола облысының корей этномәдени орталығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.
Алғашқылардың бірі болып «Чинсон» корей этномәдени орталығы» облыстық филармонияда «Қазақстан – біздің туған үйіміз» мерекелік іс-шарасын өткізді. Онда кәріс халқының тарихы, олардың елімізге қоныс аударғаны, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен белгілі тұлғалары туралы естеліктер айтылды.
Сондай-ақ Корей этномәдени орталығының қызметі жайлы баяндайтын тақырыптық көрме де ұйымдастырылып, орталықтың белсенді өкілдері мен оның құрылуына зор еңбек сіңірген тұлғаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі