23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Арыс қаласындағы апат ешкімді де бей-жай қалдырмады. Осы мазасыз күндерде елдің әр шетінен көмек келіп, барша қазақстандық бірге уайым кешті.
Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына ерікті түрде қаражат және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жинау бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізді. Оған Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер активі, бизнес құрылымдар өкілдері белсене ат салысты.
Барлық қайырымдылық іс-шарасы барысында жалпы 6,8 млн теңгеге қаржылық және гуманитарлық көмек көрсетілді, оның ішінде «Бастау Ақмола» қоғамдық қорына 4,2 млн теңге ақшалай аударылса, 2,6 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді.
Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де орналасқан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекті қабылдау пунктіне қала тұрғындары, бизнес құрылымдар киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарларды жинастырып, өткізді.
Жиналған барлық гуманитарлық көмек «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы арқылы Арыс қаласына толықтай жеткізіліп, қалған бөлігі «Самұрық» балалар сауықтыру орталығына Арыстан келген балаларға тапсырылды.
Ал Атбасар және Сандықтау аудандарының «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталықтары» Арыс қаласына 2 млн. тенңгенің 20 тонна ұнын жіберді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік