Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБүгін Қостанай қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында қостанайлық мұғалім Айтжан Кішкентаева бала үшін бірінші тұлға - ата-анасы болатынын және елдің болашақ азаматтарын отбасында тәрбиелеп, қалыптасыру керек екенін айтты.
«Кейде адамдар «тапқан – ана ма, баққан – ана ма?» деп дауласып жатады. Мен – сол сұрақтың жауабын білетін аналардың бірімін», - деген А. Кішкентаева баланы елжіреп жақсы көрсең, оның сеннен туғаны не тумағанының еш мәні жоқ екенін айтты.
«Балаң құшағын жайып, «Мамаааа!» деп ұмтылғанда, тұла бойыңды кернейтін қуаныш сезімі бірдей... Ол ауырып қалғанда, жүрек сыздатар уайымың бірдей... Әлдеқандай кешіккенде, көңілдегі алаңның да айырмашылығы жоқ... Өйткені сен – анасың!» деген қостанайлық мұғалімнің өмірдерегі форумға қатысушы аналардың көзіне жас үйірді.
Ол осыдан он жыл бұрын отағасымен, үш ұлымен ақылдаса келе, балалар үйінен қыз бала асырап алуды ұйғарғанын айтты. Ұзақ іздеуден кейін олар ағайынды үш қыз баланы бірден бауырларына басады. Қазір олардың ең үлкені бірінші кластың табалдырығанан аттапты. Ал екі балақай балабақша тәрбиеленушілері екен. Айтжанның айтуынша, ұлдары қарындастарын жатырқамай, ағалық қамқорлық көрсетіпті. Тіпті оларды бағып-қағуда әке-шешелеріне қолғанат болуға тырысады екен.
«Біз барлық қиындықтарды отбасымызбен бірге еңсеріп келеміз. Бір отбасы болып, бір мемлекет болып жұмылсақ, біздің кез-келген әлеуметтік дертке тосқауыл бере алатындығымызға сенімдімін», - дейді көпбалалы ұстаз-ана Айтжан Кішкентаева.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды