Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметражды фильмі Oldenburg International Film Festival (Германия) кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Бұл туралы El.kz порталы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кинокартина қазылар алқасының арнайы сыйлығы - «Spirit of Cinema» («Кино рухы») аталымымен марапатталды. Жүлде ретінде режиссерге қола мүсінше табысталды.
«Ағайындылар» - Ольденбург халықаралық кинофестивалінде көрсетілген алғашқы қазақстандық фильм. Сонымен қатар, картина АҚШ, Канада, Ресей және Албаниядағы фестивалдердің ресми бағдарламаларына кірді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген фильм отандық прокатқа келесі жылдың басында шығады.
Айта кетсек, Oldenburg International Film Festival 14-18 қыркүйек аралығында өткен болатын.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік