Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін, 16 қарашада " Қазконтент "АҚ 2 апта бойы өткен" Туған жерім - алтын бесігім " туристік байқауының ресми түрде қорытындылады. 50-ден астам жұмыс конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан жіберілді. 3 минуттық бейнероликтерде қатысушылар туған өлкесінің сұлулығын толық көрсетіп әлуметтік желідегі әр жазылушының қызығушылығын тудыруға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік үш жұмыс іріктеліп алынды.
Осылайша, дауыстарды санау бойынша бірінші орынды Көкшетау қаласынан Игорь Стрельцов иеленді. Игорь өзінің шағын бейнесюжетінде Бурабайдың табиғатының ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетті. Екінші орынға Павлодар облысынан Айбек Маратов ие болды. Баянауылдың табиғатына деген махабатымен ол өз жазылушыларын бей-жай қалдырмады. Соңында, ең көне қалалардың бірі – Түркістанның көрікті жерлерін көрсеткен Олжас Әлжанов үшінші орынды алды.
«Менің ойымша, аталмыш байқауды ұйымдастыру ішкі туризмді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді»,- деп атап өтті бірінші орын иегері Игорь Стрельцов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін" Қазконтент "АҚ ішкі туризмді дамытуға бағытталған" Туған жерім – алтын бесігім "туристік байқауының басталғаны туралы хабарлаған болатын.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек