7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?28-30 сәуір күндері Алматы қаласында футзалдан төрттік финал өткен болатын.
Алматылық «Қайрат» финалдық жолдаманы Испанияның «Интерімен» сарапқа салды. Тартысты өткен кездесуде Какау шәкірттері қарсыластарына 3-2 есебімен жол беріп қойды. Алматы аренаға жиналған 10 мың көрерменнің сенімінен шыға алмаған оңтүстік астанамыздың футзалшылары қола жүлде үшін өткен ойында барын салды.
«Спортингтен» аса алмаған ресейлік «Югра» ойыншыларымен өткен ойын 5-5 болып, тең аяқталған еді. Ойын соңындағы пенальти үшінші орын тағдырын шешті. Бұл жолы «Қайраттың» бағы басым болып, 3-2 есебі тіркелді.
Осылай алматылық клуб УЕФА кубогындағы тағы сәтсіз жылын өткізді. Бұл жылғы жеңімпаз болып, испандық клуб танылды. Олар осымен қатарынан төртінші жыл алдарына жан салар емес.
«Құрамада өнер көрсеткен жігіттер алаңға шаршаңғы шықты. Біздің алғашқы жеңілісімізге оның да рөлі ойнады. Әрбір ойыншым өз алдына – батыр. Олар барын салды. Бұл жеңіс тек команданың емес, барлық жанкүйерлердің, барлық Қазақстанның ортақ жеңісі деп білемін», – деді «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Какау.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?