«ЕХРО-2017»: мәдени бағдарламалар

17 Сәуір 2017, 10:55 8664

«ЕХРО-2017» көрмесінде қандай мәдени шара тамашалауға болады?

«ЕХРО-2017» көрмесіне 5 миллиондай халық келеді деп күтілуде. Осы жылдың ең айтулы шарасына бүгінге дейін 850 мың билет сатылған. Көрсеткіш көңіл көншітпейді, десе де оның ұлғайарына үміт бар. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы халықаралық деңгейде қызмет көрсететін әлемге әйгілі жеті туроператормен келісім-шарт жасасқан. Сонымен қатар жаһанның ірі мегаполюстерінде билет сататын орындар ашқан.

Сол 5 миллион адамның 15 %-ы шетел азаматтары. Олардың тең жартысы Ресей мен ТМД-дан, 20%-ы Қытайдан, 15%-ы Европа елдерінен келеді. Орта есеппен алғанда күніне 30 мың саяхатшы көрмені тамашалайтын болады. Негізгі назар ішкі туризмге аударылады. Елдегі саяхат саласын жандандыру Экспо жобасының негізгі бағыты. Ол үшін әр өңірден 1 млн 850 мың  адам тарту көзделген. Бірақ халық тарапынан қызығушылық төмен. Тиісінше билет сатылымы қарқын алмай отыр. Бұл  үгіт-насихат жұмыстарының тиімсіздігі – дейді сарапшы мамандар. Сол себепті ақпараттандыру саясатын өзгертіп, ұтымды әдістерді қолданбақшы. «Жүз рет айтқанша бір рет көрсет» - демекші, бейнеүзіктер түсіріп таратуда. Онда халықаралық көрменің мәдени танымдық бағдарламасы таныстырылған.  

 

Бөлісу: