23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОл Астана қаласының 27 жасар тұрғыны Гүлжихан Жанабергенова «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің миллионыншы келушісі болып шықты.
Мейманды құттықттауға Көрменің медиа-орталығына келген «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов келіп, оған естелік сыйлықтар мен Көрмеге және «Cirque du Soleil» қойылымына арналған билеттерді тарту етті.
Ахметжан Есімов өз құттықтау сөзінде халықтың Көрмеге деген қызығушылығы күн санап артып келе жатқанын ерекше атап өтіп:
- Біз жоспар бойынша жұмыс істеп келе жатырмыз және барлығы ойдағыдай өтуде. Бүгінде 1 миллионыншы келуші тіркелді, бұл біз үшін жақсы көрсеткіш. Негізі ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысы барысында 2 миллион келуші тіркеледі деп жоспарлаған едік. Дегенмен, бір ай ғана өтті, біз осы уақыт ішінде 1 миллионыншы келушіні қарсы алудамыз. Осындай ауқымды жоба өткізіп отырған соң, бірінші кезекте, қазақстандықтардың көңілінен шығып жатыр ма деп алаңдаймыз. Көрмеге елдің қызығушылығы артып келе жатқанына қуаныштымыз, - деді.
Ал өз кезегінде ЭКСПО-ға келген адамдар саны тіркеліп отыратынын да білмегендігін айтқан Гүлжихан Жанабергенова:
- Мен №76 мектеп-лицейінде мұғалім болып қызмет етемін. Мұнда екінші рет келіп тұрмын, бірақ ол кезде біздің «Нұр Әлем» павильона кіре алмаған едім. Сондықтан, бұл жолы, бірінші кезекте, біз өз еліміздің павильонына ат басын бұрмақпыз. Шынымды айтсам, осындай қуанышты жағдайға тап боламын деп ойламадым, - деп қуанышымен бөлісті.
Айта кетерлігі, Көрменің тіркеу құжаттамасында ЭКСПО-2017-ге 2 миллион адам келеді және көрме нысандарында жалпы саны 5 миллионға жуық келуші тіркеледі деп жоспарланған еді. Ал, халықаралық павильондарды аралаған келушілердің санын қоссақ, 10 шілдедегі көрсеткішке сәйкес, 5 960 212 адам тіркелген. Көрме кешеніндегі негізгі нысандарға жұртшылық 834 579 рет келген. Бұл ретте 303 007 адам тамашалаған «Нұр Әлем» павильоны көш бастап тұр. Есептеп көрсек, барлық келушілердің шамамен 130 мыңы немесе 14 пайызы шетелдік қонақтар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады