30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҰлыбританияның 97 жастағы тұрғыны Бетти Бромейдж ұшып бара жатқан ұшақтың қанатына шығып, өзінің бұрынғы рекордын жаңартты. Осылайша ол мұндай экстремалды ұшуды орындаған әлемдегі ең қарт әйел атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл – Беттидің кейінгі он жылдағы осындай алтыншы әрекеті. Алайда бұл жолғы сынаққа дайындық бұрынғыдан қиынырақ болған. Былтыр тамызда ол инсульт алып, салдарынан сөйлеу қабілеті бұзылған. Соған қарамастан, кейуана жоспарынан бас тартпаған. Беттидің айтуынша, көру қабілетінің нашарлауына байланысты қазір көлік жүргізе алмайды. Мұндай шектеулерге үйрену оңай болмаса да, ол денсаулығы мүмкіндік беріп тұрғанда белсенді өмір салтын жалғастырғысы келеді.
Оның сөзінше, жаңа әсер мен жаңа сынақ болмаса, өмір бірсарынды болып кетеді. Бұл жолы Бетти үшін ұшудың өзі емес, ұшақтың қанатына көтерілу қиынырақ болған. Бойы аласа болғандықтан, оған жоғары шығу оңайға соқпапты. Ал әуедегі сәт өзі ойлағандай қорқынышты болмаған. Бетти тіпті ойын-сауық саябақтарындағы кейбір аттракциондар бұдан да қорқынышты екенін айтқан.
Кейуана бұл жолғы рекордын қайырымдылыққа арнады. Акциядан жиналған қаражат өзі инсульттан кейін ем қабылдаған Челтнем ауруханасына беріледі. Қаражат пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қажетті құрал-жабдық сатып алуға жұмсалмақ.
97 жастағы Бетти Бромейдж мұнымен тоқтап қалуды жоспарлап отырған жоқ. Ол 100 жасқа толғанда тағы бір ерекше сынақ жасап көргісі келетінін айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды