Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыАлматыда 92 жастағы қазақстандықтың шаңырақ көтеруі көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
2026 жылдың басынан бері мегаполисте шамамен 4600 неке тіркелген. Қалада күн сайын орта есеппен 70-ке жуық жұп отбасын құрады. Некеге тұратындардың орташа жасы әйелдер арасында – 29, ал ерлер арасында – 32 жас.
Ресми мәліметке сәйкес, ең егде күйеу жігіт – 92 жаста. Ал заң талаптарына сәйкес арнайы рұқсат алған ең жас жұп 16 жасында некеге тұрған. Сонымен қатар 409 жұп шетел азаматтарымен некесін заңдастырған. Мемлекеттік корпорация өкілдері бұл көрсеткіш мегаполистің демографиялық белсенділігін айқындайтынын атап өтті.
Алматыда некені тіркеу көрсеткішінің жоғары болуы мегаполистің демографиялық белсенділігін көрсетеді. Біз азаматтарға қызмет көрсетуді ыңғайлы әрі ашық ету үшін процестерді үнемі жетілдіріп келеміз. Өтінішті онлайн беру және салтанатты рәсімді алдын ала брондау азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының өкілдері.
Ажырасу көрсеткіші де бар
Жыл басынан бері 934 жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Ажырасуға арызданғандардың орташа жасы ерлер арасында – 39, ал әйелдерде – 37 жас.
Некеге қалай өтініш беруге болады
Мамандардың айтуынша, некені тіркеу үшін өтінішті кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Қызметті бірнеше тәсіл арқылы рәсімдеуге болады: АХАТ бөлімдерінде, eGov.kz порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында. Сондай-ақ жас жұбайлар өз қалауы бойынша неке қию рәсімін салтанатты түрде өткізе алады.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады