13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. 2025 жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлестеріміз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға шетелдік мамандардың келуі және жаңа әдістемелердің енгізілуі де маңызды рөл атқарды.
Биылғы маусымдағы негізгі тарихи жеңістер:
Отандастарымыз командалық спорт түрлерінде де маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Ал футзалдан «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.
Сегіз айдағы жетістіктер – отандық спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Енді спортшыларды Милан-2026 қысқы Олимпия ойындары алдында жауапты маусым күтіп тұр. Бұл жеңістер Қазақстанның әлемдік спорттағы беделін одан әрі арттыра түседі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды