Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАҚШ-тың Флорида штатындағы колледж оқытушысы Крис Хассолд жарты ғасыр бойы жинаған қаражатын өзіне ең жақын санаған – бұрынғы студенттеріне мұраға қалдырды. Оның қамқорлығының арқасында 30-дан астам адам әртүрлі мөлшерде – 26 мыңнан 560 мың долларға дейін мұра алды.
2021 жылдың тамызында Николь Арчер есімді әйел пошта арқылы заңды құжаттар салынған конверт алып, бұрынғы колледж ұстазы оған 100 000 доллар мұра етіп қалдырғанын білді. Алғашында бұған сенбеген ол кейін мұндай хаттарды Крис Хассолдтан сабақ алған тағы 30-дан астам студент алғанын анықтады.
Крис Хассолд — қатаң талап қоятын, бірақ жан жылуын аямайтын ұстаз болған. Студенттері оны тек білімі үшін ғана емес, ішкі мейірімі мен шынайы қамқорлығы үшін де ерекше құрметтеген. Олар оқудан тыс уақытта ұстазымен бірге кафеде бас қосып, өмірлік жоспарларымен бөлісіп отырған.
Ол 89 жасында өмірден озғаннан кейін, көпшілік оның өмір бойы жинаған қаржысының көлемін білді — 2,8 миллион доллар. Бұл қаражат 36 адамға, соның ішінде 31 бұрынғы студентке теңдей бөлінді.
Ол бұл ақшаны өз қажетіне жұмсай алар еді. Бірақ бізді таңдады. Бұл – оның бізге берген соңғы сабағы. Байлық емес, біреудің өмірін өзгерте алу – нағыз құндылық, – деді бұрынғы шәкірттерінің бірі.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?