6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақтың прототипі – Сакко есімді азамат өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Нағыз "тақиялы періште" дүниеден озды. "Тақия періште" фильмінің желісі өмірде болған оқиға екенін білесіз бе? Тек кейіпкерлерінің аты Тана емес Айнагүл, Тайлақ емес Сакко. Сакков - жеті баланың кенжесі. Екі ағасы, төрт әпкесі болған. Екі ұлы ұяға, төрт қызын қияға қондырған анасы жуас кенжесі үйленбей қала ма деп уайымдап, іске кіріскен. Мұның бәрі қалай киноға айналды дейсіз бе? Айнагүл апаның бір қызы режиссер Кәукен Кенжетаевқа тұрмысқа шыққан. Ал ол енесі мен қайын інісінің хикаясын ағасы Шәкен Аймановқа әңгімелеп берген, - деп жазды журналист.
Қаратаев Сакко Бейсекұлы 1937 жылы дүниеге келген. Оның әкесі халық жауы деп қуғындалып, бала Сакко әкесін көрмей жетім қалған
1 ақпан күні Қаратаев Сакко Бейсекұлы 88 жасында өмірден өтті. Оның қызы Әлия Балапанова кезінде әкесінің тарихын көпшілікпен бөлісіп, оның әйгілі фильмнің басты кейіпкерінің прототипі екенін растаған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі