Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желіде 88 жастағы жүк көлігі жүргізушісінің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана-Петропавл тас жолында фура тізгіндеген әжей жолай өтіп бара жатқандардың назарын бірден аударған.
Оқи отырыңыз:
Желі қолданушылары кейуананың ширақ қимылына, батылдығына таңдай қағып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
Мына видеоны жоғары жақ көріп қоймасын, әйтпесе зейнет жасын 85-ке көтеріп жіберер, – деп әзілдегендер де табылды.
Көпшілік ақжаулықты анаған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеген. Сонымен қатар кей пікір қалдырушылар мұндай ауыр техниканы басқару – үлкен жауапкершілік екенін айтып, егде жастағы адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.
Әжейдің кім екені әзірге белгісіз, бірақ желідегі ролик оның шынайы еңбекқорлығымен көпшіліктің жүрегінен жол орын алды.
Бұған дейін 80 жасында Нью-Йоркті бағындырған марафоншы туралы жазғанбыз.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?