1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚарулы күштерде Елорда күніне орай спорттық шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мереке күні әскери қызметшілер шағын футболдан жарыстар мен эстафета өткізді.
83205 әскери бөлімінің жеке құрамы атаулы күнді зор ықыласпен қарсы алды. Әскери қызметшілер 86 шақырымдық эстафета ұйымдастырып, қашықтықты 5 және 10 шақырымға бөлді. Бірлік пен жауынгерлік рухты бейнелейтін соңғы кезеңді спортшылар бірге аяқтады.
Астанада шағын футболдан өткен жарысты Қарулы күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасы ұйымдастырды.
Жеке құрамды мемлекеттік мерекемен басқарма бастығы полковник Ғалымжан Айтбаев құттықтап, спорт тек дене шынықтырып қана қоймай, әскери қызметшілердің рухын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің командасы жеңіп алды. Екінші орын Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшілеріне, үшінші орын "26 жол-пайдалану учаскесі" РММ құрамасына берілді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік қақпашы, шабуылшы және қорғаушы номинациялары анықталды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?