Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТоронто әуежайында Delta Air Lines ұшағы аударылып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Канададағы Торонто қаласында орналасқан Лестер Б. Пирсон атындағы халықаралық әуежайда Delta Air Lines әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы қону кезінде аударылып қалды. Оқиға салдарынан кемінде 15 адам жарақат алған.
New York Post басылымының хабарлауынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиғаға жедел әрекет еткен. Миннеаполистен келген ұшақ қалың қар басқан ұшу-қону жолағында аударылған. Әлеуметтік желілерде тараған суреттер мен видеолардан әуе кемесінің қатты зақымданғаны байқалады.
Канадалық CP24 телеарнасының мәліметінше, жарақат алғандардың ішінде үш адамның жағдайы ауыр, олардың бірі – бала. Қалған 12 адамның жарақаттары жеңіл деп бағаланған. Барлық зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.
Жарияланған кадрлардан ұшақтың бір қанаты айтарлықтай майысқаны, ал құйрық бөлігінің ішінара зақымданғаны көрінеді. Оқиға қарлы дауыл кезінде орын алған. Демалыс күндері жауған қалың қар салдарынан әуежай қызметкерлері түн бойы ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстарын жүргізген.
Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, апаттан кейін әуе айлағындағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?