Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазгидромет» 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыда таңертең және күндіз тұман болады. Қонаевта да күндіз тұман күтіледі, - делінген мәліметте.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болады деп болжанды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Петропавлда қарлы боран соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Боран мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кейде 30 м/с немесе одан да көп.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жел 30 м/с және одан да көп соғады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 23-28 м/с. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді