8 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 Ақпан, 10:20 706

17 ақпан сағат 10:00-дегі жағдайға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 8 өңіріндегі 15 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 411 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

  1. «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау а.-Боғас а.
  2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас» - Аягөз қ.-Боғас а.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:

  1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;
  2. «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс-Жамбыл обл.шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:

  1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.
  2. ⁠ «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»
  3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы
  4. ⁠ «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр а.-Марқакөл а.

Жамбыл облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

  1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а.

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

  1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.
  2. ⁠ «Сарыөзек-Көктал» Алтын Емел асуы

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

  1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

  1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Возвышенка а.-Рощинское а.
  2. ⁠ «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

  1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы:

"ҚазАвтоЖол"  мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: