Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржылай көмек көп балалы аналар мен мүгедектігі бар адамдарға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Lada.kz мәліметінше, Маңғыстау облысының билігі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлемге қаражат бөлген.
Төлемді кімдер алады?
Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес, 8 наурызға ақшалай көмек мемлекеттік наградалары бар аналарға беріледі:
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері;
«Батыр ана» атанған әйелдер;
I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар.
Бұл әйелдердің әрқайсысы 2 АЕК (7 864 теңге) көлемінде төлем алады. осы мақсатта 12 686 әйелге бюджеттен 99,7 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға да төлемдер қарастырылған. Оның көлемі – 5 АЕК (19 660 теңге), көмектің жалпы сомасы – 654,6 млн теңге. Бұл қаражат, балаларды қоса есептегенде, 33 300 адамға беріледі.
Жергілікті билік төлемдер Наурыз қарсаңында түсетінін айтып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары