Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр8 наурыз қарсаңында гүл сыйлау дәстүрге айналған. Алайда кейбір танымал гүлдер аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Дәрігерлер мерекелік букет таңдағанда оның әдемілігімен қатар денсаулыққа әсерін де ескеруге кеңес береді.
Аллерголог Александра Молочкованың айтуынша, мерекелік букеттің басты талаптары – аллергендігі төмен болуы, өткір иісі болмауы және тозаңы аз болуы керек. Кейбір гүлдердің иісі немесе тозаңы бас ауруын, түшкіруді, көздің ашуын және тыныс алудың қиындауын тудыруы мүмкін.
8 наурызда қандай гүлдерді сыйламаған дұрыс
Мамандардың айтуынша, келесі гүлдер аллергиялық реакция туғызуы ықтимал:
• Лилия – иісі өте өткір, тозаңы күшті аллерген болуы мүмкін.
• Хризантема – тозаңы бөлме ішінде оңай таралады.
• Гербера
• Күнбағыс
• Меруертгүл (ландыш)
• Кейбір дала гүлдері
Дәрігерлер лилия сыйлағысы келетіндерге тозаңқаптарын алып тастауды немесе тозаңы жоқ сорттарды таңдауды ұсынады.
Аллерголог-иммунолог Олег Кривцун да мимоза, күнбағыс және хризантемаларды абайлап сыйлау керектігін айтады. Себебі олардың тозаңы жеңіл болып, ауаға тез тарайды.
Қандай гүлдер қауіпсіздеу
Мамандардың пікірінше, аллергиясы бар адамдар үшін мына гүлдер салыстырмалы түрде қауіпсіз:
• Раушан
• Қызғалдақ
• Нарцисс
• Гортензия
Ал букет орнына құмырадағы өсімдік сыйлау да жақсы шешім болуы мүмкін. Мысалы, орхидея аллергияны сирек тудырады.
Букетті қалай дұрыс таңдау керек
Гүл сатып аларда мамандар мына нәрселерге назар аударуға кеңес береді:
• бүршіктері серпімді әрі толық ашылмаған болуы керек;
• сабағы мықты және тығыз болуы тиіс;
• жапырақтары солып немесе кеуіп тұрмауы қажет;
• күлтелерінде қара немесе суланған дақтар болмауы тиіс.
Егер гүлді онлайн тапсырыс берсеңіз, сатушыдан жылы қаптаманың бар-жоғын және курьер жеткізген кезде гүлдердің суықта қанша уақыт болатынын нақтылаған жөн.
Дәрігерлер сыйланған гүлдерді жатын бөлмеде қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар вазадағы суды күн сайын ауыстырып тұрған дұрыс – бұл бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова