1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстанда алғаш рет өткен Astana AI Film Festival 125 елден 8 067 өтінім қабылдап, жасанды интеллект көмегімен жасалған кино туындылары арасында өтінім саны бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық байқауға айналды. 3 қазанда Астанада фестиваль жеңімпаздары жарияланды.
Бас жүлде мен 450 мың долларды латвиялық Николай Шестак «The First Honest Day» фильмі үшін иеленді. Картинада адамның жасаған әрекеті оның сыртқы келбетіне тікелей әсер ететін әлем бейнеленеді: жаман іс жасаған адам ажарсызданса, жақсылық жасаған жанның келбеті көркейе түседі.
Жеңімпаз мұндай жоғары марапатты күтпегенін айтып, жүлде қаржысын жаңа фильмдер түсіруге жұмсауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Екінші орын және 200 мың доллар Үндістанның «SITARA» фильміне бұйырды. Ал үшінші орын мен 100 мың долларды испаниялық «Looking For Perseida» туындысы иеленді.
Қазақстандық Мырзахан Жұмахан фестивальде «Үздік кейіпкер» номинациясының жеңімпазы атанды. Оның «It Was Just a Joke» комедиясында бір әзілдің кесірінен ит пен оның иесінің ағасы арасында жанжал туындайды. Қарапайым қалжыңнан басталған оқиға кейін күтпеген әрі қарқынды жағдайларға ұласады. Автордың айтуынша, өзі пранк пен әзілді жақсы көретіндіктен, фильм идеясы да осы қызығушылығынан туған.
Мыңдаған өтінімнің арасынан финалға небәрі 25 жұмыс іріктелді. Олар Астанадағы MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының үлкен экранында көрсетіліп, халықаралық қазылар алқасының бағалауынан өтті.
Қазылар құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одри Азуле, Қытай киноиндустриясының өкілдері және кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан кірді.
Үш күнге созылған фестиваль режиссерлерді, технологиялық компаниялардың өкілдері мен инвесторларды бір алаңға жинады. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарының кино өндірісіне ықпалы мен шығармашылық индустрияның болашағын талқылады.
Фестивальдің жалпы қоры 2 млн долларды құрады. Оның 1 млн доллары жүлделерге бағытталса, тағы 1 млн доллар перспективалы AI-командаларға инвестиция салуға және Қазақстандағы өндірісті дамытуға қарастырылған.
Алғашқы Astana AI Film Festival-дың ауқымы жасанды интеллект көмегімен жасалған киноның енді тәжірибелік форматпен ғана шектелмейтінін көрсетті. Мұндай туындылар үлкен экранға шығып, халықаралық байқауларда жүздеген мың долларлық жүлделерге таласып жатыр.
Ұйымдастырушылар фестивальді бір реттік шара ретінде емес, халықаралық AI-кино қауымдастығын қалыптастыратын тұрақты алаңға айналдыруды көздейді. Бұл Астанаға идеясы бар авторлар, технологиялық мамандар мен инвесторлар кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыратын орталық ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?