Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда 8 миллионға жуық азамат табыс декларациясын тапсыру міндетінен босатылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жөнінде ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасында жеке тұлғаларды міндетті декларация тапсырудан босату қарастырылған.
Сенаттың кулуарында сөз сөйлеген вице-министр №250 форма — яғни, бастапқы декларация — бір рет қана тапсырылады және оны қайта өткізу талап етілмейтінін атап өтті.
Тек №270 форма — жыл ішінде өзгерістер немесе ірі сатып алулар болған жағдайда — 15 қыркүйекке дейін ұсынылады, — деді Ержан Біржанов.
Оның мәліметінше, Қазақстандағы барлық сатып алулардың 87 пайызы қолма-қол ақшасыз жүзеге асады, бұл өз кезегінде салық органдарына қажетті ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.
Сол себепті, салықты өздігінен есептемейтін жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылады. Себебі олардың орнына салықтық міндеттемелерді жұмыс беруші немесе салық агенті орындайды. Біз әр қызметкер бойынша есептілікті алып, оны сақтаймыз. Егер біреу декларация тапсырмаса, оны да бақылап отырамыз. Сондықтан 8 миллион адамды есеп тапсыруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, — деп түйіндеді вице-министр.
Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер индексацияланатыны туралы жазған едік.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары