Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБразилияда әлемдегі ең алып жылан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ұзындығы 8 метрді құраса, салмағы шамамен 200 келіге жетеді, ал басының көлемі адамның басымен бірдей. Бұл жасыл анаконданы жабайы табиғат туралы бағдарлама жүргізушісі, нидерландтық профессор Фрик Вонк анықтаған.
The Sun мәліметінше, жыланның бұл түрі бұған дейін алып саналған түрінен әлдеқайда ұзын – ол 6 метр еді. Осы уақытқа дейін Амазонкада жасыл анаконданың бір ғана түрі белгілі болған.
Жыланның жаңа түріне Eunectes akayima, яғни Солтүстік жасыл анаконда атауы берілген. Ол туралы мәліметтер 16 ақпанда Diversity журналында пайда болды.
Шын мәнінде, бұлар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бір қарағанға, екеуі бірдей көрінгенімен, генетикалық айырмашылық 5,5% тең, бұл өте көп. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейін, адам мен шимпанзе генетикалық тұрғыда бір-бірінен 2% ғана өзгешеленеді, - деді профессор Вонк.
Ғалымдар мұндай жасыл анаконданың бары туралы осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын болжам жасаған, алайда оған дәлел тек қазір табылып отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары