Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Ақтөбе-Астрахань автожолында қарама-қарсы бағытта қозғалған екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына шұғыл түрде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиал қызметкерлері, жол полициясы мен жедел жәрдем өкілдері жетті.
Алдын ала ақпарат бойынша Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережесінің 9.1 пунктін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққандықтан Toyota Hilux автокөлігіне соғылған. Жол көлік апатының орнында Lada көлігінде болған 8 адам тіл қатпастан көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары Қандыағаш қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді.
Жол апаты болған сәтте күре жолдың жабыны таза, көрініс шектелмеген. Қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылған. «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ қаза болған адамдардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген «ҚазАвтоЖол» ақпаратында.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары