8-10 қазан күндері күн райы күрт құбылады

8-10 қазан күндері күн райы күрт құбылады

Назерке Чакирбаева
Фото: El.kz/Назерке Чакирбаева

8-10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз күн райы сақталып, ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі.

Қар аралас жаңбыр қай өңірлерде жауады?

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбырдың соңы қар аралас жауын-шашынға ұласуы ықтимал. Шығыста көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта кей жерлерді тұман басады.

Батыста күн +27 градусқа дейін жылынады

Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы +5...+16 градус шамасында болады. Күндіз бастапқыда +17...+22 градус болса, кейін +22...+27 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +3...+10 градус күтіледі. Таулы аудандарда 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17...+25 градусқа, таулы жерлерде +12...+17 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік пен орталықта аяз болады

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде күн айтарлықтай салқындайды. Түнгі температура +3...+13 градустан біртіндеп -1...-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +10...+17 градус шамасында болады.

Шығыста түнде 0...+8 градус күтіледі. Күндіз ауа температурасы +10...+15 градустан +2...+7 градусқа дейін төмендейді.

Осылайша, 8-10 қазанда елдің солтүстігі мен шығысында күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болмайды, кей өңірлерде ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі.

Оқи отырыңыз

{