13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2,2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыс орнына және 5 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.
Бұған қосымша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы шеңберінде осы жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмыс берушілер мүгедектігі бар 348 адамды жұмысқа қабылдады. Сонымен қатар биыл көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 71 арнайы жұмыс орнын құру қарастырылған. Жұмыс берушілердің жабдықталуына байланысты шығындарын субсидиялау көзделген.
Сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды «Халық бақылаушылары» ретінде тартуды көздейтін әлеуметтік маңызды «Халықтық бақылау» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда жобаға 164 кәсіпорын жұмылдырылып, 521 қызметкер жұмысқа орналастырылды. Жоба аясында мүгедектігі бар адамдар бейнебақылау операторлары ретінде жұмысқа қабылданады, олар ауысыммен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қадағалайды.
Жобаға қатысу үшін кадрларды іріктеу кезінде мүгедектікті (өндірістік жарақат, кәсіптік ауру, жалпы ауру) белгілеу себебі бойынша кәсіпорында жұмысын тастап кеткен қызметкерлерге басымдық беріледі. «Халық бақылаушылары» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық тиісті шегерімдермен және әлеуметтік пакеттермен қамтылып, еңбек шарты бойынша штатқа қабылданады. Жобаны іске асыру мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасы аясында халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды