6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгінде елордадағы веложолдардың ұзындығы 77,5 шақырымды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық әкімдігінің мәліметінше, велосипед инфрақұрылымын дамыту 2018 жылы «Велосипед көлігін дамыту» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырумен басталды. Осы кезең аясында Орталық саябақтан басталып, Қарқаралы тас жолы бойындағы Жасыл белдеудегі қолданыстағы веложолға қосылатын 47 шақырымдық веложол салынды.
Сонымен қатар «Жасыл белдеу» аумағында ұзындығы 23 км веложолы бар жол желісі құрылды.
2020 жылы жаңа веложолдар салуды көздейтін «Велосипедтік көлік инфрақұрылымы» жобасы әзірленді. 2021 жылы бұл жоба аясында 7,5 шақырым веложол салынды. Олар Мұстафин көшесі, Абылай хан даңғылы, Құдайбердіұлы және Қошқарбаев көшелері, сондай-ақ жартылай Момышұлы даңғылының бойымен жүреді, - делінген мәліметте.
Экологиялық таза көлікті қалайтын қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, велосипед инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Сонымен қатар, велосипедті дамыту қоршаған ортаны, ауа сапасын жақсартуға және жол кептелісін азайтуға ықпал етеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі