Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мың қызметкеріне қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Төлем көлемі маманның үздіксіз еңбек өтіліне байланысты болады.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу жоспары туралы айтты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл қолдау шарасы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызметтің 77 мың қызметкерін қамтиды. Олардың қатарында жалпы практика дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері бар.
Қосымша төлем маманның үздіксіз еңбек өтіліне қарай есептеледі. Ұсынылған тәртіп бойынша, екі жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 20 пайызы, үш жылдан астам еңбек өтілі барларға 30 пайызы, ал бес жылдан астам жұмыс істегендерге 50 пайызы көлемінде қосымша ақы төлеу қарастырылған. Яғни еңбек өтілі артқан сайын қызметкердің алатын қосымша төлемі де көбейеді.
Ауыл мен қаладағы дәрігерлер қанша жалақы алады?
Денсаулық сақтау министрлігі қосымша ақы енгізілген жағдайда медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өзгеруі мүмкін екенін де жариялады.
Ауылдық жерлерде еңбек өтілі ең жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін көтерілуі ықтимал.
Қалаларда еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін, ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін артуы мүмкін.
Еңбек өтілі аз мамандардың жалақысы да өседі
Жалақыны арттыру шарасы еңбек жолын енді бастаған немесе еңбек өтілі аз медицина қызметкерлерін де қамтиды.
Ауылдық жерлерде жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 386 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 221 мың теңгеден 256 мың теңгеге дейін көтерілуі ықтимал.
Қалаларда еңбек өтілі аз жалпы практика дәрігерлері 307 мың теңгенің орнына 358 мың теңгеге дейін, ал орта медицина қызметкерлері 173 мың теңгенің орнына 202 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін.
Осылайша, ұсынылып отырған өзгерістер ауылдық жерлердегі және қалалардағы медицина қызметкерлерінің жалақысын еңбек өтіліне қарай арттыруды көздейді. Министрлік алғашқы медициналық көмек көрсету саласында жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерді қолдау мәселесін де қарастырып жатыр. Олардың жұмысына тән психоэмоциялық жүктемені ескере отырып, қосымша төлем енгізу ұсынылған. Алайда бұл санаттағы мамандар үшін төлемнің нақты мөлшері әзірге жарияланған жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру жұмыстары 2021 жылдан бері кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, аталған сомалар – министрлік ұсынған өзгерістер жүзеге асқан жағдайда күтілетін жалақы мөлшері. Қосымша төлемдер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды