Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕліміздің барлық өңірлерінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» тақырыбында республикалық флешмоб өтті. Оған 750 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Флешмоб барысында білім алушылар бірыңғай әуенге би билеп, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне назар аудартты. Әрбір мектеп флешмобты өз аумағында ұйымдастырып, би қимылдарын оқушылар өздері ойда шығарған. Акцияға тек оқушылар емес, олардың сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша балалар буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, осы маңызды мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосты.
Буллинг – әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін мектеп оқушылары флэшмобқа белсенді қатысты, сол арқылы біз қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудардық деп ойлаймын. Оқушылар акцияға қатысып қана қоймай, қоғамның хабардарлығын арттыруға нақты үлес қосты, — дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сәкенова.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар