7,5 млн теңгесінен айырылды: алаяқтың құрығына түспеу үшін қайтпек керек?

7,5 млн теңгесінен айырылды: алаяқтың құрығына түспеу үшін қайтпек керек?

01.07.2026 11:39
EL.KZ
Фото: magnific.com

Ақмола облысының Полиция департаменті 65 жастағы мұғалімі интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 7,5 млн теңгесінен айырылғанын хабарлады. 

Ер адам өткен жылы шілде айында инвестициялық компания ретінде таныстырған интернет-платформалардың біріне тіркелген. Кейін оған «қаржы кеңесшілері» хабарласып, тұрақты табыс пен салымдардың тез арада өсетінін айтып, инвестиция салуға шақырады.

Уәдеге сенген ер адам алаяқтар көрсеткен шоттарға тұрақты түрде ақша аударған. Жинағы таусылғаннан кейін, ол таныстары мен әріптестерінен қарызға ақша алған. Нәтижесінде ер азамат қылмыскерлерге 7,5 миллион теңге аударған. Тек біраз уақыттан кейін, ақшаны шығару мүмкін болмай қалғанда және «инвестициялық компанияның»  өкілдері байланысқа шығуды тоқтатады, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Кейіннен жәбірленуші өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қылмысқа қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.

Алаяқтарды қалай «танимыз»?

Заңгер Әлімжан Жұбатқановтың айтуынша,  ггер адам банкке және құқық қорғау органдарына дереу хабарласса, қаражатты қайтару мүмкіндігі жоғары болады. Ал уақыт өтіп кетсе, ақша бірнеше шот арқылы жүргізіліп немесе қолма-қол шешіліп алынған жағдайда істі тергеу айтарлықтай күрделенеді.

Мамандар бірнеше қарапайым, бірақ тиімді ережелерді ұсынады:

1. Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз
Кез келген қоңырау немесе хабарлама қаншалықты шынайы көрінсе де, бірден сенбеңіз. Басқа байланыс арнасы арқылы нақтылаңыз.

2. Асығыс шешім қабылдамаңыз
Алаяқтар көбіне «шұғыл» деген сөзді қолданады. Бұл – психологиялық айла.

3. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз
Белгісіз сайттар мен файлдар – деректерді ұрлаудың негізгі жолы.

4. Жеке мәліметтерді бермеңіз
Банк картасы, кодтар, парольдер – ешкімге айтылмауы тиіс.

5. Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз
Бұл аккаунттарыңызды қосымша қорғайды.

6. Туыстарыңызбен «құпия код» ойлап табыңыз
Төтенше жағдайда бір-біріңізді тексеру үшін арнайы сөз немесе сұрақ келісіп алыңыз.

Жасанды интеллект – үлкен мүмкіндіктермен қатар, үлкен қауіптер де әкеліп отыр. Дипфейк пен цифрлық алаяқтық күн сайын жетіліп келеді. Сондықтан ең басты қорғаныс құралы – технология емес, адамның өзі.

Сыни ойлау, мұқияттық және ақпаратты тексеру дағдысы – сіздің қаржыңыз бен жеке деректеріңізді сақтаудың ең сенімді жолы.

Оқи отырыңыз