30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, «Біз – жеңістің мұрагеріміз» республикалық акциясы аясында Өскемен қаласының орталық Республика алаңында ҰОС өшпес ерлік көрсеткен 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының әйгілі жауынгерлік туының көшірмесі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына салтанатты түрде табыс етілді.
Салтанатты шараға 5511, 6699 әскери бөлімдері мен «Шығыс» Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен мерзімді әскери борышын өтеушілері, ардагерлер мен билік өкілдері қатысты. Республика алаңында ҚР әнұраны шырқалып, Жеңісті жақындатқан 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ерлігі аталып өтті.
– ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шаралар елімізде, оның ішінде облысымызда жоғары дәрежеде аталып, ардагерлерге барынша лайықты құрмет көрсетіліп келеді. Бүгінгі шара – мерейтойдың ерекше көрінісі деп есептейміз.Әрқашан да байрақ көкке көтерілген кезде жауынгерлердің рухы оянған. Сондықтан жауынгерлік ту әрдайым сарбаздардың рухын көтере берсін, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Шығыс Қазақстанға келген жауынгерлік тудың көшірмесі Семей және Курчатов қаласы арқылы Павлодар облысына тапсырылатын болады.
Еске сала кетейік, «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» эстафеталық шарасының ұйымдастырушысы – ҚР Ұлттық Ұланы. Оның басты атрибуты аты аңызға айналған 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Жауынгерлік туының көшірмесі. 2015 жылдың 3 ақпан күні әйгілі жалау Астанада ҚР Ұлттық Ұланы 5573 бригадасы алаңында сапарға шыққан болатын. 92 күн ішінде әскери нышан Қазақстанның 25 қаласында болып, 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылар күні ҰОС 70 жылдығына арналған әскери шеруде желбірейтін болады.
ШҚО Ақпараттық орталығы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды