Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлордада кезектен тыс Президенттік сайлау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана opera театрында орналасқан №393 сайлау учаскесіне халық таңғы жетіден бастап өз таңдауын жасау үстінде. Астана қаласы "Есіл" ауданының №393 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Пирман Шериев сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден ашылғанын жеткізді.
"Сол уақыттан бері сағат 9.48-ге дейін 218 сайлаушы дауыс берді. Бүгін жексенбі болғандықтан, азаматтар енді келе бастайды. Бірінші дауыс берген азаматқа сыйлық бердік. Жаңа ғана 70 жастағы қария өз таңдауын жасады", — деді комиссия төрағасы.
Қала тұрғыны Айнұр Шоқыбасова бүгінгі саяси науқанға әр қазақстандық азаматтың дауысы маңызды деп санайды.
"Әділетті Қазақстан және еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл менің ғана емес барлық осы елде өмір сүретін әр азамат пен азаматшаның парызы деп есептеймін", — деді ол.
Сондай-ақ, 70 жастағы қала тұрғыны Ақбала Мұқатаева да өз таңдауын жасады және сыйлыққа ие болды.
" Жаңа Қазақстан үшін өз таңдауымды жасадым. Еліміз көркейіп, жаңарып, өркендей берсін", — деді қария.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды