Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПавлодарда 7 жасар Милана Давыдованы өлтірілуі ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қылмысқа оның анасы мен көршісі айыпталды. Сот екеуін де кінәлі деп таныды.
Қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Сотталғандар өз кінәларын мойындамады.
Сотталған ер адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады, ал қайтыс болған қыздың анасы жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Бұрын сотталған және психоактивті заттарға тәуелділіктен зардап шегетін ер адам қылмысты мас күйінде жасаған. Осы жағдайларды ескере отырып, сот оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Әйелге қатысты сот өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдана алмады, өйткені ҚК-нің 46-бабының 4-бөлігі бойынша әйелдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Сондықтан Милана Давыдованың анасы 20 жыл бас бостандығынан айырылды, - деді судья Нұрлан Қайырбеков.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады