6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазгидромет 7 қараша күні Астана мен еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі