Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Қарулы күштерде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген 7 мыңға жуық сарбаз биылғы күзде запасқа шығарылады, деп хабарлайды El.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бір жылда мыңдаған сарбаз әскери істің қыр-сырын үйреніп, бөлімшелер құрамында жаттығуларға қатысты. Көптегені оқу-жаттығу орталықтары мен кіші мамандар даярлайтын мектептерде алдағы өміріне қажет болатын әскери мамандықтар алып шыққан.
Барлық әскери бөлімде салтанатты шаралар ұйымдастырылды, сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасып, плацта соңғы рет сап түзеп жүріп өтті. Ал командирлер мен жеке құрам запасқа шығарылған мерзімді қызметтің сарбаздарына құрмет көрсетуде. Үздіктері грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.
«Туған жерлеріне келгеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілер жергілікті әскери басқару органдарында әскери дайындалған резерв ретінде есепке алынады», - делінген ведомство мәліметінде.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік