1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді“Қазгидромет” РМК Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен өткінші жаңбыр, солтүстігінде бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?