Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық банк 7-20-25 бағдарламасының 2024 жылға арналған бюджетін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы бюджет лимиті де 2023 жылғымен бірдей бекітілді. Яғни100 миллард теңгеден асырмау туралы шешім қабылданған. Сосын бюджетті тоқсан сайын 25 миллиард теңгеден үлестіру қарастырылған.
Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы – "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді.
Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары