Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада заңсыз айналымнан 67 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“Заң мен тәртіп” қағидасын іске асыру аясында елордада полицейлер арнайы операция жүргізді, оның нәтижесінде елорда аумағына есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы жойылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қала тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінен 1,5 келі гашиш есірткі заты мен 5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді.
Есірткі жеткізу арнасын және қылмыстық тізбектегі басқа да сыбайластарын анықтау барысында келесі күні жедел уәкілдер есірткіні оңтүстік өңірлерден әкеліп, әрі қарай таратумен айналысқан көтерме саудагерді анықтап, ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде екі пластик бөшке табылып, олардың ішінен есірткі салынған шамамен 45 пакет тәркіленді. Тәркіленген гашиш есірткі затының жалпы салмағы 67 келіден асты, - делінген хабарламада.
Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі көлемде сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және мүлікті тәркілеуді көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?